Пияз (лат. Allium cepa) – амариллистер тұқымдасы, жуа туысының ең көп тараған түрі. Шыққан жері — Орталық Азия және Ауғанстан. Тамыры ірі, қалың, шашыраңқы, түйнек түбінен өседі. Түйнегі үлкен, етті, сопақша және шар пішінді. Түйнегінің қабығы сары, қызыл-қоңырқай түсті.